Петропавлда шайбалы хоккейден республикалық турнир өтуде. Оған 2013-2014 жылдары туған балалар қатысып жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Облыс орталығының Спорт сарайындағы мұз айдынында өтіп жатқан турнир биыл алғаш рет ұйымдастырылды. Оған Петропавлдың «Құлагер-1», «Құлагер-2», көкшетаулық «Арлан», қостанайлық «Тобыл», «Ақтөбе» және өзбекстандық «Хумо» командалары қатысуға ниет білдірді.
– Турнир барысында командалар бір-бірімен бір ойыннан ойын өткізеді. Турнирлік кестеде көш басында – «Құлагер-1» хоккейшілері. Бүгіндері олар 3 матч ойнап, барлығында жеңіске жетті. Алдағы уақытта өзбекстандық «Хумомен» кездесіп, «Құалегр-2-ге» қарсы ойнайды. Егер екеуінде де жеңіске жетсе, жарыстың жеңімпазы атанады, — дейді Қ.Байболов атындағы БЖСМ директоры Артем Киселев.
Сәуірдің 6-сы күні турнирдің қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер медальдармен марапатталады.