СҚО-дан «Мың бала» олимпиадасының екінші кезеңіне 2701 бала өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Елімізде ауыл мектептері оқушыларына  арналған «Мың бала» республикалық олимпиадасының бірінші кезеңі басталды. Білім бәйгесі сәуірдің 1-і мен 10-ы күндері аралығында өтеді деп жоспарланған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

– 1 кезең прокторинг сервисін пайдалана отырып, онлайн режімде жүргізіледі. Олимпиадаға қатысатын оқушылар тестті үйден, камерасы бар ноутбукпен немесе web камерасы бар компьютерден тапсыра алады. Егер ноутбук немесе компьютер болмаған жағдайда, мектептегі компьютер сыныбында тестті орындауға болады. Тест 2 бөлімнен тұрады. Барлық сұрақтар ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оқушыға  40 сұрақ қойылады, емтиханның ұзақтығы 90 минутқа созылады. Әрбір бөлім бойынша 20 сұрақ  беріледі, — делінген облыстық  білім басқармасы таратқан мәліметте.

Биыл республикалық олимпиаданың бірінші кезеңіне қатысуға 83 мыңнан астам бала өтініш берген. Солтүстік Қазақстан облысынан сынаққа 3 мың жуық оқушы қатысты. Олардың 2701-і келесі кезеңге өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz