Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабановичпен жүздесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесуде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Биыл Қазақстан мен Хорватия арасындағы әріптестік дамудың жаңа деңгейіне шықты.
Жыл басында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салаларында байланыс орнатылмақ.
— Хорватия мен біздің өңір арасындағы ынтымақтастық әлеуеті орасан зор және бұл бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайын екенімізді білдірдім. Елші мырза да біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Хорватиялық инвесторларды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды жүзеге асыруға шақырдым, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі.