СҚО әкімі Хорватия елшісімен кездесті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хорватияның Қазақстандағы елшісі Рефик Шабановичпен жүздесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кездесуде өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Биыл Қазақстан мен Хорватия арасындағы әріптестік дамудың жаңа деңгейіне шықты.

Жыл басында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік, ақпараттық технологиялар, туризм және денсаулық сақтау салаларында байланыс орнатылмақ.

Хорватия мен біздің өңір арасындағы ынтымақтастық әлеуеті орасан зор және бұл бағыттар бойынша жұмыс істеуге дайын екенімізді білдірдім. Елші мырза да біздің елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа мүдделі. Хорватиялық инвесторларды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында перспективалы жобаларды жүзеге асыруға шақырдым, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz