СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстың тұрақтандыру қорын тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қазір тұрақтандыру қорында 9 мың тонна әлеуметтік маңызы бар өнім бар. Бұл көкөністер, күріш, қарақұмық, макарон өнімдері, қант, тұз, тауық еті, жұмыртқа және күнбағыс майы. Бұл қор 5 айға жетеді.
— Қажет болған жағдайда тұрақтандыру қорының өнімі күрделі су тасқыны жағдайы қалыптасатын елді мекендерге көліктермен жеткізілмек. Жалпы, бұл кезеңде ең қажетті тауарлар бағасының көтерілуіне жол бермеу және баға өзгерген кезде интервенция жасау өте маңызды, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында СҚО әкімі.