Мемлекеттік органның екі басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған шараларды қабылдамаған екі басшы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар табыс жайлы ақпарат беретін декларация тапсырмаған азаматтарды жұмысқа алған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Антикор қызметінің мәліметінше, қос басшы ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 680-бабы бойынша жазаланып, заң бұзуға барғандарға 426100 теңге көлемінде айыппұл салынды. Барлық сома өтелді.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басты міндеті – жемқорлық фактілерін алдын алу. Бұл ретте, антикор қызметі ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодекстің 15 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтыруға құқығы бар, — дейді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жүнісов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz