Спортта жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті дене шынықтыру және спорт басқармасының және ведомствоға бағынысты ұйымдарының спортты қаржыландыру мәселелері жөніндегі қызметіне жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аналитикалық талдау жұмыстары желтоқсанның 21-і күні басталған болатын.

– Спорттық шараларды, жабдықтарды, спорттық тамақтануды сатып алуды, шетелдік іс-сапарларды ұйымдастыруды, сыйақыларды, спорт объектілерін салуды, сондай-ақ спорт федерациялары мен кәсіби клубтарды ұстауды қамтамасыз ететін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер зерделенуде. Осыған байланысты департамент өңір азаматтарын талдау жүргізуге белсенді қатысуға шақырады, — делінген ведомство таратқан мәліметте.

Жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға кез келген қала тұрғыны қатысып, өз ұсыныстарын, спорт саласындағы кемшіліктерді анықтау үшін ақпаратты «Талдау» белгісімен upd.sko@antikor.gov.kz электрондық поштасы арқылы немесе 36-24-49, 70-13-83 телефон нөмірлері бойынша қалдыра алады.

Талдау жұмыстары қаңтар айының соңына дейін жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz