Роман Скляр СҚО-дағы құрылыс және жол-құрылыс компанияларының басшыларын су тасқынына қарсы шараларға көмек көрсетуге шақырды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының құрылыс және жол-құрылыс компаниялары өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізд, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Кеңес барысында Роман Скляр бизнес өкілдерінің назарын ауыл тұрғындарының өміріне, өңірдегі әлеуметтік және стратегиялық нысандарға төнген қауіптің алдын алу мақсатында су тасқынына қарсы жұмыстарды ұйымдастыру үшін шұғыл түрде бірлесе әрекет етіп, қолда бар барлық күш пен арнайы техниканы жұмылдыру қажет екенін атап өтті.

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетовтің мәліметінше, облыс әкімдігі тұрғын үйлер мен әлеуметтік-мәдени нысандар салып жатқан өңірлік жол және құрылыс компанияларын су тасқынына қарсы жұмыстарға тартты. Оның сөзінше, кәсіпкерлер техникадан бөлек, қажет болған жағдайда арнайы техниканы резервтегі ЖЖМ-мен қамтамасыз етуге ниет білдірген.

dsc 8389Роман Скляр компания басшыларына техника мен адам күштерін тартудан бөлек, өздерінің де объектілердегі бақылау және үйлестіру жұмыстарының басы-қасында болуын тапсырды.

Кеңес қорытындысы бойынша вице-премьер Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру үшін өңірлерде жүргенін және жағдайды Президент жеке бақылауында ұстап отырғанын еске салды.

Қазір қаланы қорғау керек. Алдағы күндері осы міндетті ойдағыдай атқарғаннан кейін, көмек қажет болып жатқан өңірлерге, аудандарға ауысамыз. Сол себепті бәріміз бір адамдай жұмылып, су тасқынына қарсы жұмыстарға дереу кірісуіміз қажет. Баяу және ретсіз жұмыс істеуге болмайды.  Барлық жұмысты орындауға үш күніміз ғана бар, — деді Роман Скляр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz