СҚО әкімі: «Су тасқыны жағдайы күрделі, жұмыстар күні-түні жүруде»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста жұмыс бабымен жүрген ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр тасқын жағдайына байланысты жиналыс өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бірінші вице-премьер стратегиялық маңызы бар нысандар мен бөгеттердің жағдайын тексеріп, құрылыс және жол компанияларының басшыларымен кездесті. Үлкен су келген ауылдардың тұрғындарымен де жүздесіп, мемлекет барлық көмекті жасайтынын жеткізді.

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша бөгеттерді нығайту және оларды ұзарту, күштер мен арнайы техниканың санын көбейту, мобилді топтар құру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Өңірде тасқын жағдай күрделі болып барады. Бүгін таңертең Сергеев су қоймасында асып төгілу 415 см құрады. 2017 жылғы тасқынның көрсеткіштерінен әлдеқайда асып түсті. Сондықтан, елді-мекендер мен облыс орталығын судан қорғау үшін күні-түні іс-қимылдар жасалуда. Ең бастысы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру және мүлікті сақтауға, үлкен судың келе жатқаны туралы дер кезінде ақпарат беруге көп көңіл бөлу керек, — деп жазды әлеуметтік желіде СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz