Облыс орталығына тасқын су сәуірдің 12-сі жетеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлға тасқын су апта соңында келеді деп күтілуде. Бұл туралы СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД бастығы орынбасарының айтуынша, Есіл өзені бойында орналасқан Шал ақын, Есіл және Қызылжар ауданындарындағы ауылдарды су басуы мүмкін. Тасқын 845 үй мен 5 мыңнан астам саяжай учаскесіне кіруі ықтимал.

– Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі тарихи межеден асты. Су ернеуінен төгіліп, 4 метр 15 см-ге жеткен. Болжам бойынша тасқын су Петропавлға сәуірдің 12-і күні жетеді, — дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Мамандардың сөзінше, қауіптің беті әлі де сейілген жоқ. Су 262 елді мекенді басуы мүмкін. Бүгіндері су кірген 40 үйдің әлі 13-інде су тұр. Құтқарушылар 244 адамды қауіпсіз жерге шығарып, 44-і үйлеріне оралды.

– 59 жол учаскесін су басқан. Суды өткізу үшін 6 жерде жол төсемін қазуға тура келді. 160 шақырым арық тазартылды, 100 шақырымнан астам канал кеңейтілді және тереңдетілді. 60 мыңнан астам дана қапшық дайындалып, 38 мыңы төселді. 1000 адам және 200-ден астам техника жұмылдырылды. 100 мотопомпа және 10 жүзу құралы бар, – деді Мұрат Қанғожинов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz