Петропавлда күрес түрлерінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы ел біріншілігі аяқталуға жақын. Еркін стильде 15 жасқа дейінгілер арасында белдескен қос бірдей жерлесіміз жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бүгіндері жеңіл және орта салмақтардағы белдесулер аяқталды. Өкінішке қарай, додаға қатысқан екі-ақ балуанымыз жүлделі орындарға ие болды. 85 килограмда Аманжол Тұрғанов күмісті еншілесе, осы салмақта Жомарт Айдынбек қоланы місе тұтты.
Финалда жерлесіміз Аманжол Тұрғанов Түркістан облысының спортшысы Нұрислам Айтуғанға жол беріп, түкірстандық балуан алтын медальға қол жеткізді. Тағы бір қоланы ақмолалық Нұрбол Мағауия еншіледі.
Ертең грек-рим күресінен U-15 және U-20 санатындағы ауыр салмақта жүлдегерлер анықталады.