Есіл өзенінің жағасында орналасқан саяжай учаскелерін су басуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Аптаның соңында тасқын су Петропавлға жетпек. Петропавлдық полицейлер су басу қаупі жоғары 18 саяжай қоғамына тиесілі үйлерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Саяжай учаскелерінің иелері су тасқынына алдын-ала дайындалуда. Бірі қажетті құрал-саймандарын, бірі үйлерден жиһаздарын алып кетіп жатса, енді басқалары отырғызған көшеттерін құтқарумен әлек.

Полицейлер тұрғындармен тілдесіп, су тасқыны кезінде саяжайларға келуге және түнеуге болмайтынын ескертті. Әр саяжай қоғамының кіре-берісінде полицейлер кезекшілік етпек.

– Қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін 70 қызметкер рейдке қатысты. Әр саяжай қоғамында бекеттер қойылды. Қызметкерлер адамдардың су басу аймағында болуына жол бермеуі керек. Сонымен қатар тонау фактілерінің алдын алу шаралары да назарда, — дейді Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz