Заречный кентінде тұрғындарды эвакуациялау басталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Прибрежное ауылындағы, Ойқала, Ущев көшесінің бойындағы, Заречный кентіндегі бөгеттерді нығайту жұмыстарын қайта тексерді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Роман Скляр «Қызылжар су» ЖШС-нің бірінші көтергіш сорғы станциясында да болды. Ең қысқа мерзімде стратегиялық нысанда қосымша бөгет салынды. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары кәсіпорын басшылығына тасқын кезінде қаланы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.

Сергеев су қоймасында асып төгілу 425 см жоғары деңгейінде сақталуда.  Петропавлға қарай үлкен су ағыны келе жатыр.

Облыс орталығын қорғау үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Дегенмен, бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Қазір Заречный кенті — қауіпті аймақта, — деп жазды өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр су тасқыны аймағында тұратын Заречный кентінің  тұрғындарын эвакуациялауды тапсырды.

— Тұрғындардан эвакуацияға байыппен  қарауды сұраймын, өйткені біз үшін адамдардың өмірін сақтау маңызды. Өтемақы қарастырылған,  ешкім  қолдаусыз қалмайды, — деп жазды облыс әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz