Қызылжарға Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры гастрольдік сапармен келеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 29-сәуір мен 1-мамыр күндері Петропавл қаласына гастрольдік сапармен келеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстанның қалаларын аралауды мақсат тұтқан театр сәуір айында гастрольдік сапарын бастайды. Өнер ұжымы қызылжарлық көрерменнің ыстық ықыласы мен сансыз сұрауын ескеріп, Петропавл қаласында тұңғыш рет ең үздік қойылымдар шеруін жасап ғана қоймай, кішкентай көрерменге арнап ертегі ұсынбақшы. Театр репертуарындағы таңдаулы туындылар Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында, балаларға арналған ертегі қуыршақ театрында сахналанады деп жоспарлануда.

— Сан жылдар бойы өнерсүйер көрерменнің сүйікті мекеніне айнала білген театр сұлулықты сүйетін өңірге қазақ әдебиетіндегі шығармалардың озық үлгілерін ұсынбақ.  Олардың қатарында «Құлагер», «Махаббат, қызық мол жылдар» шығармалары желісі бойынша қойылған туындылар бар.  Кішкентай көрермендер «Кішкентай ханзаданың оралуы» қойылымын тамашалайды. Ұсынылған қойылымдарға билеттер Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының, балаларға арналған ертегі билеттері облыстық қуыршақ театрының «ТИКЕТОН» сайтында қолжетімді, — дейді Біржан Жалғасбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz