СҚО-ға Астанадан келген сарбаздар бөгеттерді нығайтуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ел көлемінде су тасқынымен күресуге 3 мыңнан астам әскери қызметші жұмылдырылған. Өткен тәулікте табиғи апатпен күресуге 1500-ден сарбаз қатысып, 104 техника және 3 армиялық авиация тікұшағы тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Әуе көлігімен 39 адам тасымалданды, 4 тоннадан астам жүк жеткізіліп, 6 мыңнан аса қапшыққа құм толтырылып, төселген.

— СҚО аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлері Петропавл маңындағы Заречный кентінде Есіл өзенінің бөгетін нығайту үшін 1 050 қапшық құм дайындады. ТЖ департаменттерімен және полиция қызметкерлерімен бірге олар Заречный тұрғындарын эвакуациялауға қатысты. Сондай-ақ, Бескөл ауылында Астанадан келген 68665 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ауылдың айналасын нығайту үшін 8 мың қап құм толтырды. Екінші топ «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ мамандарымен бірлесіп, Петропавл маңындағы айналма жолды нығайту жұмыстарын жалғастыруда, — дейді ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz