СҚО-да тасқын су 76 үйді басты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен тәулікте Есіл ауданындағы Петропавка, Николаевка және Покровка ауылдарындағы 56 үйге су кірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД мәліметінше, облыс бойынша тасқын су 76 баспананы басып, 174 аулаға кірді. Бүгінгі таңда қауіпсіз жерге 634 адам, 1700-ден астам мал көшірілді.

– Облысқа су тасқынымен күресуге Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ұлытау және Павлодар өңірлерінен құтқарушылар келді. ТЖМ-ға қарасты департаменттердің 266 маманы, 34техника, 62 мотопомпа мен 15 қайық жұмылдырылған. Бұған қоса, қорғаныс министрлігінен 313 адам мен 16 техника табиғи апаттың алдын алуға көмектесіп жатыр. Аудандар мен қаладағы жағдай бақылауда, — дейді СҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Су тасқыны басталғалы 607 мың тек су сорылып, арықтардың 249 метрі тазартылды. Сондай-ақ 84 мыңнан астам қапқа инертті материалдар дайындалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz