«Жезқазған-Петропавл» автожолында көлік қозғалысы шектелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуі мен еріген қар суының салдарынан республикалық маңызы бар автожолда көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Qyzyljarnews.kz

— 10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуінен және еріген қар суының салдарынан, яғни, республикалық маңызы бар А-16 «Жезқазған-Петропавл» тас жолының жүру бөлігін су алуына байланысты А-16 «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 869-875 шақырымында көлік құралының барлық түрінңғ қозғалысына шектеу енгізілді. Ол СҚО Есіл ауданының Амангелді ауылының бұрылысынан бастап Покровка ауылына дейінгі аралықты қамтиды, — делінген хабарламада.

Тимирязево, Шал ақын және Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғындарына Р-60 «Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» (Волошинка ауылы) тас жолы арқылы облыс орталығына жетуге болатынын хабарлаймыз. 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 11:00-ге дейін Р-60 тас жолының 2 шақырым құрайтын учаскесінде жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды. Ары қарай жол маршруты Р-59 «Волошинка-Корнеевка-Рощинское» (Корнеевка ауылы) тас жолы арқылы жалғасып, КТ-29 «Покровка-Корнеевка-Горное» (Покровка ауылы) облыстық жолымен А-16 «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолына түсіп, Петропавл қаласына жетуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz