Тайынша ауданының әкімі су тасқыны кезінде көмек көрсетіп, жауапкершілік танытқан жерлестеріне алғысын білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Үндеуде аудан әкімі биылғы тасқын су тайыншылықтарды біраз әбігерге салғанын алға тартып, кейбір елді мекендерге апарар жолдарды бұзу туралы шешім қабылданғанын айтты.
Бүгіндері Тайынша ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі сақталып келеді. Алдағы уақытта су тасқынынан зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетіледі.
– Материалдық көмекті алу үшін аудандық әкімдікке келіп өтініш жазу керек. Су тасқыны кезінде зардап шеккен әр үй, әр аула назарсыз қалмайды. Қолымызда бар барлық қаражат пен техниканы жұмылдыратын боламыз. Бұл мәселе мемлекет басшысының бақылауында,- деді Берік Әлжанов.