Бүгінгі таңда облыстағы 7 мектептің 2 мыңға жуық оқушысы сабақтарын қашықтан оқуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО білім басқармасының мәліметінше, мектептердегі сабақтарды онлайн форматқа ауыстырудың басты себебі су тасқынымен байланысты. Тасқын су орта білім ордаларының ғимараттарына зақым келтірген жоқ. Десе де табиғи құбылыстың салдарынан жолдар шайылып, алты ауданда балаларды мектептерге тасымалдау тоқтатылды.
– Су тасқынына байланысты Петропавл қаласының №13, Есіл ауданының Покровка орта мектебі, Қызылжар ауданының бес бірдей білім ордасының оқушылары сабақтарын қашықтан оқып жатыр, – дейді облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.