Петропавлдағы зауыт су тасқыны жағдайын тәулік бойы бақылау үшін ТЖД-ны дрондармен қамтамасыз етті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Жедел штабтың жұмысын тексерді. Жергілікті кәсіпорын «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ штабты су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды барлау үшін тепловизоры бар дрондармен және ұшқышсыз ұшу аппаратымен қамтамасыз етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Роман Скляр технологиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, тасқын қаупі бар аймақтағы судың толып кету деңгейін нақты уақыт режимінде бақылауға кірісуді тапсырды.

Атқарылып жатқан жұмыстардың есебін тыңдаған Премьер-Министрдің бірінші орынбасары аумақты суретке түсіру және деректерді ішкі радиобайланысы бар картаға 2D форматында лезде жіберу үшін барлау дрондарын белсенді пайдалану қажеттігін атап өтті.

— Тасқын су қалаға жетті, сондықтан біз кезекшілікті тұрақты түрде қамтамасыз етуіміз керек. Барлық мобильді топтар толығымен дайын тұруы қажет. Жергілікті жерде жұмыс істейтін топтар жағдайды дереу хабарлауы тиіс. Су тасқыны қаупінің қаншалықты маңызды екенін түсіне алмайтын азаматтар болса, эвакуация жүргізілген барлық елді мекендерді қайта тексеруді тапсырамын. Барлық адамдардың қауіпсіз аймақта болуын қадағалау керек, — деп тапсырды Роман Скляр.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары төтенше жағдайдың алдын алу үшін барлық мобильді топтар, арнайы техникалар, қосымша жүк тиегіштер, инертті материалдар тасқын қаупін жоюға дайын болуы керектігін баса айтты.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz