Ризабек Айтмұқан — күміс жүлдегер

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында еркін күрестен Азия чемпионатында Уәлиханов ауданының тумасы Ризабек Айтмұқан күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазақстандық балуан финалда бахрейндік Ахмед Тажудиновпен күш сынасты. Қарсылас оңай болған жоқ. Ресейде дүниеге келген балуан 2022 жылдан бері Бахрейн елінің атынан сынға түсіп келеді.

2023 жылы Ахмед Тажудинов 97 келіде әлем чемпионы атағын жеңіп алса, Ханчжоуда өткен Азия ойындары және Азия чемпионатында жеңіске жетті. Ал Ризабек Айтмұқан өткен жылы әлем чемпионатында 92 келі салмақта өнер көрсетіп, сарықұрлықтың үздігі атанып, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген болатын.

Қос әлем чемпионы арасындағы тайталас алғашқы минуттан белсенді басталды. Ұпай қорын молайтуға тырысқан балуандар өз әдісін жасауға тырысты. Бірінші кезеңде есеп 1:1 есебімен тең аяқталды.

Екінші кезеңде бахрейндік балуан алғашқы минуттарда екі ұпай алып кетті. Одан кейін балуандар бір-бірден ұпайға ие болды.  Осылайша Ризабек Айтмұқан қарсыласына 2:4 есебімен жеңіліп, Азия біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz