Петропавлда Есіл өзені таси бастады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда Есіл өзені арнасынан шығып, Заречный кенті жанынан өтетін халықаралық маңызы бар «Новосібір-Челябі» тас жолын су басты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының мәліметінше, өткен бір тәулікте Есіл өзені қала маңында 144 см-ге көтерілген. Осылайша қауіпті деңгей – 960 см-ден асып, таңғы сағат 8.00-дегі мәлімет бойынша 1038 см-ге жетті.

Қазір Есіл өзенінің тасуына байланысты, «Челябі-Новосібір» М-51 автожолының 528 км жолдың үстінен су кетті. Ал өзен суының деңгейі 1050 см-ге жеткен жағдайда, Заречный кентіндегі саяжай қоғамдастығының төменде орналасқан учаскелерін су басуы мүмкін.

Сергеевка, Покровка елді мекені маңында топан судың беті қайтып, түсе бастады. Өткен тәулікте Сергеевкада 15 см-ге, Покровкада 36 см-ге төмендеді.

Новоникольское елді мекені маңында Есіл өзені әлі де көтеріліп жатыр, бір тәулікте 41 см-ге көбейген. Долматово елді мекенінде 135 см-ге көтерілді.

Сергеев су қоймасындағы жағдай өзгеріссіз, қазіргі уақытта ол 176 % толған. Ал шағын өзендер деңгейі түсіп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz