Бүгін сағат 9:55-те «Қызылжар су» ЖШС-ге қарасты бірінші деңгейлі сорғы стансасы электр қуатынан ажыратылды. Салдарынан қала тұрғындары сусыз қалды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Қызылжар су» ЖШС атқарушы директоры Арман Сауытовтың айтуынша, Петропавлдағы сорғы стансасында апаттық жағдай тіркелді. Электр қуатынан ажыратылған орталық әзірге суды үздіксіз беруге қауқарсыз.
– Қазіргі уақытта сорғы стансасында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Электр қуатының берілуімен су тұрғындарға жетеді. Алаңдауға еш негіз жоқ. Әзірге әлеуметтік маңыздағы нысандарға тіршілік нәрі көліктермен жеткізіледі, — дейді Арман Сауытов.