СҚО-да халықты эвакуациялау жалғасуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысындағы су басу аймақтарынан азаматтарды тәулік бойы эвакуациялау жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— 15 сәуірде таңғы 4 шамасында, Қызылжар ауданы Большая малышка ауылында құтқарушылар қоса берілген күштермен бірлесіп 894 жергілікті тұрғынды, оның ішінде 112 баланы эвакуациялады, — дейді ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Эвакуацияланған тұрғындар Пеньково ауылының уақытша эвакуациялық пункттерінде және туыстарында орналастырылған.
Бұған дейін СҚО-да су тасқыны жағдайы тұрақты түрде күрделі екендігі хабарланған болатын. Сергеев су қоймасы 153% — ға толған, судың биіктігі 2 метр 83 смге жеткен. Тәулігіне 20 см ғана төмендеу байқалуда. СҚО ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатқанын, бірақ Петропавлда су ағысы төмен екенін атап өтті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 1713 үй су астында қалған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz