Су тасқыны басталғалы қауіпсіз жерге 10345 адам шығарылып, 3805 мал эвакуацияланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД мәліметінше, эвакуацияланған тұрғындардың 2328-і бала, 102-сі – мүгедектігі бар азамат, 4-уі – жүкті әйел. Бүгіндері қауіпсіз жерге шығарылған 688-і эвакопункттерге жеткізілсе, 9613-і туыс-жақындарының үйлерін паналауда.
Бұған қоса, 3805 мал эвакуацияланды. Оның 764-і – ірі қара, 2189-ы – ұсақ мал, 394-і – шошқа, 458-і – жылқы. Қауіпсіз жерге шығарылған 277-сі қайта иелеріне тапсырылды.