Қала әкімі: «Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады»

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда жергілікті билік балама су көзін қосып, тұрғындарды сумен қамту мәселесін екі күн ішінде шешті. Бірақ бүгін әлеуметтік желіде сумен қамтушы кәсіпорынды су басқандығы туралы видео тарап, халықты тез арада су қорын жасауға шақырған аудиожазба чаттан чатқа көшті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Петропавл қаласының әкімі бұл жазбалардың жалған екендігін хабарлап, жұртты қауесетке ермеуге шақырды.

 — Кеше кешке үйлерге су берілді. Бүгін таңертең сорғы станциясын су басқандығы туралы жалған ақпарат тарап, су қорын жинауға шақырған хабарлама тарады. Соның салдарынан бүкіл қала тұрғындары су алуға кірісіп, судың қысымы түсіп кетті. Ал тараған бейнежазбаның «Қызылжар су» кәсіпорнына қатысы жоқ. Қала тұрғындары, қайталаймын – тараған ақпарат жалған. Біз өз әрекеттімізбен әдеттегі жұмыс режимін бұзып, су қысымын жасанды түрде төмендетіп жібердік. Жалған ақпарат таратушылар! Петропавлда қазір өте қиын жағдай, адамдар алаңдап отыр, сіздер фейк тарату арқылы дүрбелең тудырып отырсыздар. Бұл бейне-аудио жазбалардың барлығы авторлар мен таратушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жіберілді, — деді Серік Мұхамедиев.

Қала әкімінің айтуынша, қазір су қысымы қалпына келеді. Жасанды түрде дүрбелең тудырған кінәлілер жазаланады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz