Су тасқынының екінші толқыны күтілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда су тасқынының бірінші толқынының шарықтау шегі сәуірдің 17-сі мен 18-і күндері болады деп күтілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінше, Есіл өзеніндегі тасқынның шарықтау шегі қазір Петропавл қаласына жақын. Онда су деңгейі – 1340 см (қауіпті деңгейі 960 см). Су тасқынының бірінші толқынының шыңының күтілетін келу мерзімі 17-18 сәуірде болады.

Долматова ауылының маңайында Есіл өзенінің деңгейі 1425 см (қауіпті деңгейі 1450 см) құрап тұр. Бұл елді мекенді су басу қаупі бар.

«Қазгидромет» РМК-ның СҚОФ директоры Қымбат Мерғалимованың айтуынша, облыстың ішкі өзендерінің басым бөлігінде су тасқынының бірінші толқынының шарықтау шегі өтіп үлгерді.

– Тасқынның екінші толқыны Ақмола облысында орналасқан Есіл өзенінің (Терісаққан, Жабай және Қалқұтан өзендері) салаларынан судың келуіне байланысты басталады, — дейді Қымбат Мерғалимова.

Есіл өзеніндегі екінші су тасқыны толқынының шыңы гидро бекеттерден өту мерзімдері:
— Есіл ө. – Тоқсан би ауылы: 15-20 сәуір;
— Есіл ө.– Покровка ауылы: 18-23 сәуір;
— Есіл ө.– Новоникольское ауылы: 20-25 сәуір.
— Есіл ө.– Петропавл қаласы: 22-27 сәуір.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz