Ғалым Қазақстанда биыл су тасқыны неге ерекше болғанын түсіндірді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте «География және су қауіпсіздігі институты» АҚ, Табиғи қауіптер зертханасының бас ғылыми қызметкері Николай Попов биылғы су тасқынына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ғалымның айтуынша, су тасқынының күшіне жауған қардың мөлшері де әсер етеді. Биыл Қазақстанның солтүстік бөліктерінде қар шамадан бірнеше есе артық түсті.

— Осыған қарағанда, су тасқыны, ең алдымен, көктем келіп, қардың қарқынды еруімен байланысты болып отыр. Тағы бір маңызды мәселе: атмосфералық жауын-шашынның түсуі мен топырақтың алдын ала ылғалдануы бір уақытта орын алды. Әсіресе, аяз болған жерлерде топырақ қатып қалса, еріген қар суы өзендерге тез құйыла бастайтын қабат қалыптасады. Нәтижесінде су тасқынының толқыны пайда болады. Қазіргі уақытта мұндай толқын Есілде жүріп жатқанын көріп отырмыз, — деді ол.

 

Дәл осындай толқын Жайық өзенімен де қозғалып келеді. Ол негізінен Ресей аумағында еріген қар суынан тұрады.

— Су тасқыны — бұл табиғи феномен. Бұл салыстырмалы түрде сирек кездесетін құбылыс. Шынында да, соңғы 80 жылда мұндай жағдай болмаған. Гидрологтар қайталану және қамтамасыздық деп жатыр. Пайызбен айтқанда бұл, жүз жылда, елу жылда бір рет болуы мүмкін су тасқыны. Барлық су тасқыны ескерілген. Бірақ оның қашан болатынын алдын ала болжау өте қиын, өйткені тек ағымдағы күннен басқа болжамдар қажет. Бұл бір ғана жағдай емес. Солтүстік Еуразияны түгел су басып жатыр. Ресейде көптеген қиындықтар болып жатыр, қалалар су астында қалды. Бізде де осындай жағдай орын алуда. Бұл ретте Үкіметтің адамдарға қолдау көрсетіп, барлық күш-жігері мен құралдарын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттағаны қуантады, — деп сөзін түйіндеді ғалым.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz