Футболдан Қазақстан кубогының ойындары өтті. 1/8 финалда өнер көрсеткен жергілікті «Қызылжар» клубы келесі кезеңге шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Солтүстікқазақстандық «Қызылжар» клубы сырт алаңда Шымкенттің «Оңтүстік академия» командасымен ойнады. Кездесуде бірінші голды алаң иелері салды. Нәтижелі соққының авторы — Диас Донбай. Кейін петропавлдық клубтан Мәди Хасейін мен Рубен Бриджидо көзге түсті. Осылайша, жерлестеріміз қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.