Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов су тақыны кезінде өзге өңірлерден келген әскерилермен кездесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бірінші вице-премьер мен облыс басшысы әскерилер орналастырылған пункттерге барып, олардың жатын бөлмелері мен асханаларын аралады. Ғауез Нұрмұхамбетов сарбаздармен тілдесіп, олардың қажетті тұрмыстық және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілгенін сұрап білді.
Белгілі болғандай, елорда мен Қарағанды қаласынан келген әскерилер Бескөл ауылында орналастырылды. Сарбаздар қажетті азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтылған. Күн сайын медицина қызметкерлері олардың денсаулықтарын тексеріп отырады.