Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қайықпен Ойқала шағынауданындағы су тасқынының ауқымын бағалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Бүгінгі таңда Ойқала шағынауданының басым бөлігін су басты. Әлі де үйлер су астында тұр.
– Екі күн бұрын Есіл өзеніндегі су деңгейі төмендей бастады. Су кеткенде, Ойқала жабық «қазанның» күйін кешеді. Сондықтан бөгеттер арқылы су айдау үшін мотопомпаларды, сорғыларды және су айдау жабдықтарын барынша тарту қажет болады. Петропавл қаласының әкіміне бұл жұмысты қысқа мерзімде ұйымдастыруды тапсырдым, — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желіде.