Су тасқыны кезеңінде эпидемиологтар күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр. Бүгіндері 108 су құбырынан сынама алынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, наурыздың 26-нан бастап, облыста 595 су сынамасы алынып тексерілді. Нәтижесінде 21-і санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді.
– Санитарлық-химиялық көрсеткіштерге сай келмейтін су бірнеше елді мекенде анықталды. Бұл ауылдарға таза тіршілік нәрін жеткізу жөнінде шешім қабылданды. Бұған қоса, сумен жабдықтау жүйесін дезинфекциялау және жуу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда 142 сынама алынды, оның қорытындысын жариялайтын боламыз, – дейді департаменттің басшысы Әсет Жұматаев.