Бағдаршам өшкен қиылыста жол қозғалысын реттеді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Кеше Петропавлдағы Интернационал мен Әуезов көшесінің қиылысында бағдаршамның апаттық сөнуі тіркелді. Салдарынан көлік кептілісі пайда болып, 22 жастағы қала тұрғыны полиция батальоны келгенше жол қозғалысын реттеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бағдаршам істен шығып, жаяу жүргіншілер жолдан өте алмай қалды. Бұл кезде 22 жастағы азамат көмекке келіп, жол қозғалысын реттеді. Нәтижесінде көліктер қала тұрғынының нұсқауы бойынша жүріп, жол-апаты тіркелмеді. Белгілі болғандай, жас жігіт полиция департаментінің қызметкері екен.

— Менің қасымда арбасында кішкентай баласы бар әйел, қарама-қарсы бетте — егде жастағы ерлі-зайыптылар тұрды. Полиция қызметкері әр кезде қолғабыс көрсетуі керек. Жағдайдың нашарлап бара жатқанына көз жеткізген соң, қозғалысты реттеуге бел будым, — дейді СҚО ПД қызметкері Ерсұлтан Дүйсембин.

play btn

Полиция лейтенанты жолдажүру ередерін өте жақсы біледі, реттеушінің сигналдары оған бала кезінен жақсы таныс — оның әкесі, қазіргі таңда ІІО зейнеткері, көптеген жылдар бойы жол полициясында қызмет еткен. Патрульдік полиция батальонының инспекторы келгенге дейін Ерсұлтан адамдар көп жиналып қалған қиылыста қалыпты қозғалысты ретке келтірді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz