Теннис: Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде жеңімпаз атанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен «WTA 500-Porsche Tennis Grand Prix» турнирінде жеңіске жетті. Спортшыны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Президент әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

– Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл – үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін! – деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.

Финалда қазақстандық спортшы украиналық Марта Костюкпен кездесті, делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Елана Рыбакина екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, чемпион атанды.

Жартылай финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті ұтқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz