Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі – 360 см

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Кеше ғана Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 363 см-ге дейін жетсе, бүгін төмендеп, 360 см-ді көрсетті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД хабарлауынша, облыста су тасқыны басталғалы 3419 үйді су басып, әлі күнге дейін 3223-і су астында тұр. Бүгіндері эвакуацияланған 14388 адамның 764-і баспаналарына оралды.

– Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі төмендеп жатыр. Қазіргі уақытта судың деңгейі 360 см көрсетіп тұр. Естеріңізге салсақ, рекордтық көрсеткіш – 425 см болған еді. Жақында тасқын судың екінші толқыны күтілуде, – дейді ТЖД мамандары.

Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.

Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді.

Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz