Жалған ақпарат таратқан азамат жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Әлеуметтік желіде Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі 4 метрге жеткені туралы жалған хабар таратқан азамат анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО ПД мәліметінше, сәуірдің 21-і күні белгісіз біреу «Instagram» желісіне Сергеев су қоймасы көрсетілген бейнематериалды жүктеп, жота үстіндегі судың деңгейі 4 метрге жеткенін айтқан болатын. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқан азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жалған хабар таратқан азамат Петропавл қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның сөзінше, бұл ақпаратты сол жерде бейнеконтент түсіріп жатқан бейтаныс адамның сөздерінен естіген. Қала тұрғыны өз кінәсін мойындады. Полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 456-2-бабына (жалған ақпарат орналастыру, тарату) сәйкес жеке тұлғалар үшін 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл көзделгенін еске салады, – делінген полиция хабарламасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz