СҚО-да 100-ден аса мехбригада тасқынның салдарын жоюға қатысады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыстық әкімдікте өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен су тасқынының зардаптарын жою жөнінде кеңес өтті. Қазір су тасқынынан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру басты назарда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Тасқынның салдарын жою үшін және қалпына келтіруге келмейтін тұрғын үйлерді бұзу үшін барлық аудандардың әрқайсысынан 5 механикалық бригада мен 8 бірлік техникадан жасақталып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізбек.

Ойқала ауданында Петропавлдың 30 бригадасы жұмыс істейді. Бұл шағынауданда Ғ.Мүсірепов атындағы, Тайынша, Уәлиханов аудандарының бригадалары да көмекке келмек.

Былғары кентінде 4 аудан бекітілді: Есіл, Жамбыл, Шал ақын және Айыртау аудандары.
Заречный кентінде М.Жұмабаев, Тимирязев, Ақжар және Мамлют аудандарының бригадалары жұмыс істейді. Аққайың ауданының бригадасы Қызылжар ауданына көмекке жіберіледі.

Жалпы тасқынның салдарын жоюға облыстың түкпір-түкпірінен барлығы 100-ден аса мехбригада жұмылдырылады.

Жолдарды жөндеуге және тазалауға 50 техникасы бар 8 жол-құрылыс ұйымы бекітілген, олар қажет болған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарына тартылмақ.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жауапты мемлекеттік органдарға қалпына келтіру жұмыстарына қажетті бригадалар мен техникаларды бөліп, жұмыстарды қысқа мерзімде жүргізуді, сондай-ақ аймақ басшысы құрылыс материалдарының бағасын жасанды түрде көтеруге жол бермеуді тапсырды.

Су кеткесін, тез арада тұрғын үйлерді техникалық тексеру мен бағалауды жүргізу қажет, оның нәтижелері бойынша залалды өтеу туралы шешім қабылдануы керек. Сонымен қатар, бірінші көтергіш сорғы станциясын қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz