Жыл басынан бері облыста 139 өрт оқиғасы тіркелді. Салдарынан 13 адам көз жұмып, 23-і түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Растихиннің айтуынша, биыл 2023 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өңірде өрт саны аз. Ағымдағы уақытта қызыл жалыннан келген материалдық шығын – 51 млн. теңге. Ал өткен жылы 144 дерек тіркеліп, материалдық шығын көлемі 31 млн. теңгені құраған.
– Ауа райының жылуымен өрт оқиғалары жиілей бастайды. Әсіресе, орман және далада тіркелетін төтенше жағдайлар болуы ықтимал. Бүгіндері өңірде 2 гектар аумақты алып жатқан жерде қамыстың 2 жану фактісі анықталды. Екі дерек те Мамлют ауданында орын алды, – деді Дмитрий Растихин.