Ингушетиядан гуманитарлық көмек жетті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-ға Ингушетиядан су тасқынынан зардап шеккендерге 20 тонна гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ингушетия Республикасынан келген гуманитарлық көмек эвакуациялық пункттерде таратылатын болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында бұл заттар тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға табысталады. Жүк көлігімен дәрі-дәрмекке дейін жеткізілген.

– Шекарадан аман-есен өтіп, халқымыздың атынан гуманитарлық көмек жеткіздік. Қажетті тұрмыстық заттар мен су әкелдік, – дейді ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Джамбулат Тангиев.

Гуманитарлық көмекті түсіруге Ұлттық Ұлан академиясының 30 сарбазы жұмылдырылды. Осы уақытқа дейін көліктерден жүкті түсіріп, эвакуациялық пунктерге жеткізуге облыс бойынша 1200-ден астам волонтер тартылған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz