СҚО құтқарушылары өрт қауіпті кезеңге дайындалуда

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен өрт қауіпті кезеңге дайындық бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекеттік органдардың негізгі міндеттерінің бірі. Қазіргі уақытта орман шаруашылығы 23 өрт сөндіру техникасы және 87 трактормен жабдықталған, 16 орман өрт сөндіру бекеті бар. Орман қорын бақылау үшін 16 интерактивті бейнебақылау жүйесі орнатылған. Облыстағы 7 орман шаруашылығына өртті ерте анықтаудың автоматты жүйелерін сатып алу жоспарлануда.

Өткен жылы 30 патрульдік автокөлік, 8 тіркемелі өрт сөндіру модулі мен қондырмалары сатып алынды. Биыл 2 өрт сөндіру көлігі, 8 трактор және 12 квадрокоптер сатып алу жоспарлануда. Орман шаруашылығының техникамен қамтамасыз етілуі 87 пайызды құрайды.

Аймақ басшысы барлық өрт сөндіру гидранттарын талапқа сай келтіруді, сондай-ақ суды толтыру үшін өрт сөндіру тіректерін салу шараларын қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар елді мекендер мен балалар лагерлерінің айналасында ені кемінде 8 метр минералданған жолақтар жыртуды қамтамасыз ету қажет. Бұл кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша алдын алу шараларын жүргізу маңызды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz