Тасқын судың екінші толқыны Петропавлда сәуірдің 27-сі мен 28-і күндері күтілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі төмендеп, 339 см-ді құрады. Сондай-ақ Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Тоқсан би ауылының гидробекетінде Есіл суы 83 см-ге төмендесе, Покровка елді мекенінде керісінше 1 см-ге, Новоникольскіде 6 см-ге көтерілгені байқалады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының ақпаратынша, Петропавлда Есіл өзенінің судың деңгейі бір тәуліктің ішінде 11 см-ге көтеріліп, екінші толқын қалаға сәуірдің 27-сі мен 28-і күндері келеді деп күтілуде.

– Есіл өзенінің суынан зардап шеккен ауылдар тіркелмеді. Бүгінгі күні Ресей Федерациясымен шектесетін Долматово ауылында судың деңгейі 2 см-ге көтерілді. Болжам бойынша мамырдың 1-і күні облыста өзен суының деңгейі төмендейді, – делінген «Қазгидромет» РМК СҚОФ мәліметінде.

Жалпы су тасқыны басталғалы су 3223 үйге кірді. Оның 1116-сы әлі судың астында тұр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz