СҚО-да «Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК филиалы республикалық маңыздағы жолдардың сапасын тексеруде. Көктемгі уақытта жылжымалы жол зертханасы 1552,4 шақырымды диагностикадан өткізеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы» РМК СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңір арқылы өтетін республикалық маңыздағы жолдардың 1552,4 шақырымы тексеріледі. Бүгінгі таңда оның 347 шақырымы қаралып, қажетті сынамалар алынды.
– Жол сапасы тексерілгеннен кейін оның қорытынды есебі ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне жіберіледі. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ жөндеу бойынша жоспар құрып, тиісті жұмыстарды бастамақ, — дейді баспасөз қызметі.