Су тасқыны аймағында балық аулағандар жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Cәуірдің 15-сі мен маусымның 1-і күндері аралығында балық уылдырық шашатындықтан оны аулауға тыйым салынған. Десе де заңды елемегендер су тасқыны аймағында балық аулауға шыққан, деп хабарлайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

Айыртау ауданы табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен облысаралық Есіл бассейндік инспекциясының инспекторлары рейд жүргізіп, 12 жергілікті тұрғынды әкімшілік жауапкершілікке тартты.

– Осындай рейдтік іс-шаралар басқа аудандарда да жүргізілуде. Уылдырық шашу кезеңінде балық аулау да табиғи ресурстарды қалпына келтіруге зиян келтіретінін есте сақтауыңызды сұраймыз, – деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Табиғатты қорғау полицейлері аңшыларға 2024 жылдың 27 сәуірінен 11 мамырына дейін облыс аумағында Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа, жабайы үйректердің еркектеріне көктемгі аң аулау маусымы ашылатынын ескертеді.

Аңшылыққа ілеспе құжаттардың болуы қажет. Жабайы үйректердің аталықтарына тек қана алдамшы үйрек болған кезде ғана аулауға рұқсат етіледі. Резервтік қордың аңшылық алқаптарында, қаздардың барлық түріне, сондай-ақ аналық жабайы үйректерді олжалауға тыйым салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz