СҚО-да су кеткен аумақтар дезинфекцияланып жатыр

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан 3,5 мыңға жуық баспана су астында қалды. Қазіргі уақытта олардың 196-сынан су кетті. Осыған орай дезинфекциялық жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Ұлттық сараптама орталығы» РМК «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы директорының міндетін атқарушы Жұлдызбек Жамантаевтың айтуынша, орталық мамандары 22 сәуірден бастап бұл жұмысқа кірісіп кетті. Дезинфекцияны 4 маманнан құралған бригада атқарады. Қазіргі уақытта олар Тайынша ауданында жұмыс істеп жатыр. Бүгінге дейін мұндағы 21 үйдің 18-і зарарсыздандырылды.

— Су басқан аумақты дезинфекциялаудағы мақсат – тұрғындардың арасында жұқпалы инфекциялық аурулардың таралуына жол бермеу. Сондықтан су басқан үйлер, олардың аумағы, аула, балалардың ойын алаңы, құдықтар мен ұғымалардың айналасы зарарсыздандырылады. Үйдің ішіне кіріп, міндетті түрде қабырғаларын, еден-есіктерін, ыдыс-аяқты, төсек-орынды, тіпті ойыншықтарға дейін өңдейміз. Соның ішінде жиһаздарды, қабырғалар мен едендерді сүртіп, не болмаса шашу арқылы дезинфекцияласақ, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, көрпе-жастық тыстары, жамылғылар арнайы ерітіндіге салынады, — дейді Жұлдызбек Жамантаев.

Мамандар дезинфекция үшін құрамында хлоры бар кез келген — «Дезэконом», хлорамин, сульфохлорантин, Дезхлор, «ДП Алтай» сияқты препараттарды қолданады.

— Дезинфекциялық жұмыс су кеткен үйлерге жүргізіледі. Әзірге өңірде су тасқынының екінші толқыны жүріп жатыр. Сондықтан негізгі жұмыс алда, — дейді Жұлдызбек Жамантаев.

Бұған дейін СҚО-да «Қазақстан халқына» қорының 100 тұрғын үй салуға 10 млрд теңге бөліп, облыстық әкімдікпен меморандумға отырғанын айтқан едік.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz