СҚО ҚАЖД қызметкерлері «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетімен бірлескен жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
Кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмысы мақсатында сотталғандар арасында теологиялық және оңалту қызметіне үміткерлерді тарту шеңберінде СҚО бойынша ҚАЖ департаменті №51 мекемесінің қызметкерлері дін саласында тапшы мамандарды даярлайтын Алматы қаласының үш жоғары оқу орнының студенттерімен кездесулер өткізді. Алғашқылардың бірі болып «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің өкілдері сөз сөйледі, олар мекемелердің теологиялық қызметтерінің жұмысы туралы бейнематериалдар көрсетуді ұйымдастырды. Түлектерге бос жұмыс орындары ұсынылып, қызметке кіру ережелері жеткізілді. Өз кезегінде университет ректоры Мұхаммед аш-Шаххат әл-Джинди кездесуге қатысушыларға алғысын білдіріп, осындай іс-шаралар тұрақты негізде өткізілетінін атап өтті.
Сондай-ақ, СҚО бойынша ҚАЖ департаментінің теологиялық-оңалту қызметінің имиджін көтеру және жұмысын нығайту мақсатында теологиялық қызмет пен СҚО бойынша дін істері басқармасы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бірлескен меморандумға қол қойды.