Желіде СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Иван Гугняк өлі табылды деген ақпарат пайда болды. Ол аттестациядан өту үшін дайындалып, жүгіруге шыққаны айтылған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полицейдің өлімі дерегін растап, оның кезектен тыс аттестациядан өту кезінде қайтыс болғаны туралы ақпаратты шындыққа жанаспайтынын айтуда. Белгілі болғандай, подполковниктің қызметі аттестацияланатындар тізіміне кірмейді.
— Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы, жеке құрамы және ардагерлер кеңесі полиция подполковнигі Иван Николаевич Гугняктың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады, — делінген ведомство хабарламасында.