СҚО-да 35 адамды кене шақты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Облыста дүйсенбі мен жұма күндері аралығында кене шағудың 26 фактісі тіркелді. Жалпы екі аптаның ішінде 35 дерек анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, адамдарды кене шағудың фактілері Айыртау, Аққайың, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Қызылжар Тимирязев, Тайынша, Шал ақын, Уәлиханов, Жамбыл аудандары мен Петропавлда тіркелді.

Кеше шағудың фактілері:
Айыртау – 3;
Аққайың – 1;
Есіл — 1;
Жамбыл – 1;
Қызылжар — 2;
М.Жұмабаев — 2;
Тайынша — 2;
Тимирязев – 2;
Уәлиханов — 1;
Шал ақын – 1;
Петропавл қаласы – 19.
Барлығы: 35.

– Кене шаққандардың 10-ы 14 жасқа дейінгі балалар болса, қалғандары – ересектер. Әзірге тек Айыртау ауданына қарасты Лобаново ауылында дизенфекциялық шаралар жүргізілді. Бұл жұмысты әкімдіктер жоспарлап, тиісті дизенфекциялық компаниялармен шарт жасайды, — дейді департаменттің баспасөз хатшысы Айнаш Сағындықова.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz