Айыртау ауданында 22 жастағы әйел мен оның інісі асылып өлді. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД мәліметінше, қайғылы оқиға сәуірдің 28-і күні орын алды. 22 жастағы келіншек қорада асылып, мұны естіген інісі орманға барып өз-өзіне қол салды.
– Кеше Айыртау аудандық полиция бөліміне ауданның екі тұрғыны суицид жасады деген хабарлама келіп түсті. Қазіргі өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – дейді СҚО ПД баспасөз қызметі.
Өз-өзіне қол жұмсаған апалы-інілі Айыртау ауданының тұрғындары. Ата-әжесінің қолында өскен. Олардың әкесі қайтыс болып, аналары басқа қалаға кетіп қалған. Асылып қайтыс болған 22 жастағы келіншектің артында 1,5 жасар баласы қалды.