Алаяққа 500 мың теңге несие алып берді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста интернет-алаяқтықтың 254 фактісі тіркелді. Бұл туралы өңірлік орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында СҚП ПД криминалдық полиция басқармасы жедел істер бойынша аға уәкілі Виталий Подчернин айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, алаяқтар көбіне қалыптасқан 4 қылмыстық схема бойынша жұмыс істейді. Оның бірінде бәзбіреулер азаматтарға хабарласып, қаржылық жобаның мүшесі болуға шақырса, енді басқалары өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, ойластырған қитұрқы істерін жүзеге асырады. Қылмыскерлер түрлі әлеуметтік мессенджерлерді пайдаланып, байқаулардың сілтемелері арқылы өтіп, дауыс беруге шақырады. Сондай-ақ ұялы байланыс телефонының операторы ретінде қоңырау шалып, нөмірлеріңізді онлайн ауыстыруға болатынын ескертеді.

– Сәуір айында Петропавл қаласының 57 жастағы тұрғынына алаяқ хабарласып, өзін ұялы байланыс операторы ретінде таныстырған. Ол ескірген сим-картаны ауыстыру қажеттігін алға тартып, жәбірленушінің телефонына төрт таңбалы келетінін хабарлады. Оны дереу операторға айту керектігін де ескертті. Қарт келіншек оны алаяққа айтып, кейін оның атына несие алғанын білді. Осылайша, ол жоқ жерден банкқа 500 мың теңге қарыз болып қалды, — дейді Виталий Подчернин.

Полицейлер белгісіз біреулердің айтқанын жасамай, ақпаратты тексеру үшін бірден банктің бөлімшелеріне және «102» нөміріне хабарласып, кеңестерін тыңдау қажеттігін алға тартады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz