Құжатта тұмаудың және басқа да жіті респираторлық вирустық инфекциялардың эпидемиялық маусымының аяқталуына байланысты қаулының күші жойылғаны көрсетілген.
— Ауа-тамшы жолымен берілетін жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2024 жылғы 8 ақпандағы No 2 қаулысының күші жойылсын, — делінген 24 сәуірдегі қаулы мәтінінде.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
- медициналық ұйымдарда мекеме қызметкерлері мен мекемеге келушілердің медициналық бетпердені тағуы, антисептиктердің болуы;
- Covid-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ-дың алдын алу шаралары туралы халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе шүберек бетперделерді қолдану ұсынылды.